« Елдің елдігінің тамыры – дін»

  БҚО, Орал қаласы

 «Аманат- Жайық» қоғамдық қорының теологы

Құсайнов Батырбек

« Елдің елдігінің тамыры – дін»

Дін — адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Діннің адамдарды біріктіру, қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты реттеу, саяси жағдайды тұрақтандыру сияқты әлеуметтік құбылыстардағы орны ерекше.Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор.Осынау кезеңдер ішінде асыл дініміздің кеңінен қанат жаюына көптеген тұлғалар үлестерін қосты.Әрбір ұлттың негізгі қалыптасуын анықтайтын бес фактор бар. Олар тілі, діні, тарихы, дәстүрі, атамекені. Осы бес анықтың ішіндегі айрықша маңыздысы –ұлттың діні. Діні мықты елдің – іргесі мықты. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды.Атам қазақ өзі айтқандай «иманы кеткеннің жиғаны кетеді». Ал жиғанымыз тек қана материалдық құндылықтар ғана емес,ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріміз,тарихымыз.Тарихқа зер салсаңыз,түркі дүниесі араб әлеміне қарағанда ислам ақиқатын әлдеқайда жедел қабылдаған. Исламды қабылдаған қазақ,қырғыз,өзбек,түркімен секілді бауырларымыз іргелі ел болып қалыптасты да,ал шаман-тәңірлік дінінде қалып қойған біздің тамырлас хакас,тува,саха,шор секілілді ұлттардың хәл-күйі бүгінде аты-заты өзгеріп,ұлттық болмысынан айырылып,отарлау саясатының құрбаны болып құрдымға бет алды. Ислам діні себепті түркілер қоғамы жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, моральдық, мәдени-гуманитарлық жағынан толыққанды өркениеттік негіздерді қабылдауға мүмкіндік алды. Түрлі өркениеттер тоғысындағы қазіргі кезеңде осындай асыл қасиеттеріміздің жойылып кетуінен сақтанбасақ болмайды!

http://srealt.comhttp://otellook.com