Діндарлық әлеуметтік мәдени құбылыс ретінде

Әлеуметтік зерттеулер бойынша қоғамда дінге, тылсымға деген сенім ешқашаг жойылмайды. Ал, мәдени белгі ретінде сенімді, дінді, белгілі бір культті ұстану құбылыс ретінде жалғаса береді. Өзгешелігі, қоғамдық түсініктер мен танымдар құбылған сайын олар да құбылмалы түс ала береді.

Сол құбылмалы күйлердің бірі – діндарлық. Дін әлеуметтенуында дәндарлық деп қасиетке, ұлы күшке, тылсым құдыретке сенетін, оған ғибадат жасайтын, белгілі бір сенім мен культтің талап-қағидаларын орындайтын жекелеген тұлғалардың не топтың жай-күйін айтады. Мұнда діни, культтық догмалардың сол топтарға не жекелеген адамдарға ықпалы, әсері қарастырылады. Сол арқылы әлеуметтануда діндарлық шкаласы анықталады. Діндарлық ортаға, қоғамдық және әлеуметтік жағдайға, адамның психологиялық-эмоциональды күйіне сәйкес әртүрлі болады. Оның белгілі бір қалыбы жоқ. Әртүрлі сенімдер мен діндерде сенімді ұстанушы, дінге сенушінің иманы, илануына байланысты діндарларды категорияларға бөліп атау жағдайларын байқауға болады. Аскет, әулие, тақуа, сопы т.б ұғымдар сол діндарлық күйлерді ажырату үшін қолданылады.

Қызығы, діни құндылықтар ұмытылған кезде діндарлық деңгейі өсетінін, діни құндылықтар насихаты белсенді тұста діндарлық деңгейінің төмендеуін байқауға болады. Мұны, философиядағы қарама-қайшылықта даму қағидатымен түсіндіруге болады. Бұл көбінесе қоғамдағы діндарлық қалыпқа байланысты болады.

Діндарлық жекелеген дінге сенушінің түйсіктерімен байланысты. Діни түснініктер оған сенетін адамға психологиялық әсер етеді. Сол діни наным негізінде, діни догмаларға байланысты ерекше сезімдер туындайды. Олардың қатарына күнә, рахмет, кешірім т.б түсініктер жатады. Бұлар өз кезегінде діндарға өмірдегі кейбір құбылыстардан мән табуға, психикалық тұрақтылығын, ішкі тепе теңдігін сақтауға көмектеседі.

Діндарлықтың мәдени-әлеуметтік астарлары да болады. Себебі, дін және сенім, культтер қоғамның барлық сатысын қамтиды. Сол үшінде, діндарлық тек құлшылық-ғибадаттарды орындау ғана емес, діни-асихологиялық толғаныстар, діни эмоциялық сезімдердің көрініс беруімен орын алады. Діндарлық сыртқы формаға емес, адамның ішкі әлемімен тікелей байланысты. Діни талап-шарттармен, діни толғаныстардың саналы түрде орындалуы шынайы діндарлық деп айтуға болады.

Әлеуметтанушылық зерттеулер адамдағы діндарлық қалыбы адамның демеу, медет, жұбаныш іздеу кезеңінде артатынын, амдамның психологиялық-эмоцинальды жағдайы тұрақты кезде сәйкесінше төмендейтінін көрсетеді. Қоғамдағы қарама-қайшылықтар, өмірдегі қиыншылықтар дінде Құдай сынағы, өткінші дүние, Құдайдың сыйы және т.б осыған ұқсас идеялармен сипатталады. Осыған сәйкес адамдағы, жалпы қоғамдағы діндарлық қалыбы құбыла береді. Бұл өз орнында көптеген әлеуметтік проблемалардың кризистік күйге түспей шешілуін қамтамасыз етеді. Діндарлық адамның жүріс-тұрысында, қарым-қатынасында көрініс бергендіктен әлеуметтік-психологиялық күйдің тұрақтануына ықпал етеді. Мәдениеттің құрамдас бір бөлшегі ретінде діндегі діндарлық күйі әлеуметтік құбылыс ретінде мәнін жоғалтпайды.

Тағы бір есте ұстайтын жайт, әлеуметтік жағдайларға байланысты діндарлық күйі де құбылмалы болады. Оның белгілі бір формасы жоқ. Өйткені бұл индивидтің діни психологиялық жай-күйіне тікелей байланысты. Осыған сәйкес діндарлықтың бірнеше түрлері бар деп айтуға болады.

 

Оставить комментарий

http://srealt.comhttp://otellook.com