Ислам бейбітшілік пен толеранттылық діні ретінде

Әлемдік діндердің ішінде діни толеранттылық принципі ислам ілімінде тиянақты көрініс тапқан. Ислам діні әртүрлі этностардың , мәдениеттер мен өркениеттерді ортақ құндылықтар мен ұстанымдар төңірегіне топтастырған дін.  Осының арқасында елімізде дінге сенушілер бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп , діни бірлестіктер өз қызметтерін емін-еркін атқарып жатыр. Бұл қоғамдағы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ұлтаралық пен дінаралық келісімді нығайтып, қоғам мен мемлекеттің дамуына үлкен септігін тигізеді.Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы мемлекетіміздің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық.Ислам діні алғаш рет толеранттылықтың құқықтық негіздерін қалыптастырды. Әлеуметтік қатынастар мен адамзат болмысының жаңа үлгілерін жасақтаған ислам өркениеті аз уақыттың ішінде мәдениеті мен дәстүрлері және тілдері мен діндері әр түрлі халықтарды топтастырып, дамудың жаңа сатысына көтерілді.

Әділет пен шынайылықтың қоспасын сақтаған Ислам діні пайда болғалы бері адамдардың сеніміне селкеу түсірмей, рухани жаңғыруымызға септігін тигізіп келе жатыр. 5 асыл парыз бен хақ жолында қарсылыққа ұшырамай келе жатырған ғасырлық дін әлем діндері арасындағы ең тазасы әрі тарихиы. Ислам дінінің басты ерекшелігі — көркем мінез салиқалы өмір сүруді үйретеді. Жәй ғана бір адам өзіне қиянат жасамай қуаныш қылса, ол жан өзгелерге де жақсы мінез танытады. Бір ғана жанға жақсылық жасау арқылы біз тұтас ұлттық, әлемдік қауымға бейбіт әрі берекелі түрде қарай аламыз.

Мұхаммед пайғамбар салып кеткен сара жолдың сансыз сауабына кенеліп келе жатырған мұсылмандар үшін ақиқатты айқындаушы, әрі өмірлік бағдаршы болып жүрген Ислам дінінің маңыздылығы аса жоғары деп айта аламын. Ислам барлық адамзатқа әділдікті үлгі етіп, зұлымдықты харам етеді.  Ақыл мен парасатты жоғары қойып, өзгенің ойына,барлық діндерге құрметпен қарайды. Бір дінді қатаң ұстауға мәжбүрлемейді. Достық, ынтымақ, бірлік жолында қызмет атқарады.

Ислам дінінің негізгі мақсаты әлемге бейбітшілік әкелу. Асыл дініміз қайғы мен қасіретке емес, тыныштық пен бейбітшілікке және бақытты өмір сүруге жетелейтін дін. Әлемде, елімізде болған түрлі жағдайларға дініміздің ешқандай қатысы жоқ. Себебі Ислам діні соғыс, қантөгіс, зорлық-зомбылық сынды, терроризм, экстремизмдермен байланыспайды.

Жүректері Алла деп соққан әрбір мұсылман өзін тек көркем мінез бен жақсы амалды жүзеге асыруға тәрбиелеуі керек. Сонда ғана елімізде тыныштық пен бейбітшілік орнайтыны хақ.

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы: Қуан Армат Құлымбекұлы

Оставить комментарий

http://srealt.comhttp://otellook.com